Малайсары мектебінде жасанды интеллект және инженерия зертханасы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Май ауданының білім саласында тағы бір маңызды оқиға орын алды. 25 мамыр күні Малайсары жалпы орта білім беру мектебінде «Жасанды интеллект және инженерлік зертханасы» салтанатты түрде ашылды. Бұл – ауыл мектебі үшін ғана емес, тұтас өңірдің цифрлық білім беру кеңістігі үшін тарихи бастама деуге толық негіз бар.

Жаңа зертхана – оқушылардың заманауи технологияларды терең меңгеруіне, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруіне және инженерлік бағыттағы алғашқы қадамдарын сенімді бастауына арналған инновациялық білім алаңы. Мұнда мектеп оқушылары робототехника, бағдарламалау, техникалық құрастыру негіздерімен танысып, болашақ мамандықтарына қажетті дағдыларды ерте жастан игеруге мүмкіндік алады.

Бүгінде әлем қарқынды цифрлық дәуірге қадам басып келеді. Осындай кезеңде ауыл балаларының да жоғары технологиялық білімге қол жеткізуі – уақыт талабы. Сондықтан зертхананың ашылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қолға алынған маңызды жоба ретінде ерекше мәнге ие.

Салтанатты ашылу рәсіміне ауыл әкімі Аспандияр Қайролла мен ардагер ұстаз Күләш Нұрлыбекова қатысып, игілікті істің лентасын қиды. Зертхананың ашылуына демеушілік көрсеткен – мектептің 1994 жылғы түлегі. Туған мектебіне қолдау білдіріп, жас буынның болашағына үлес қосқан азаматтың бұл игі ісі – елжандылық пен туған жерге деген жанашырлықтың жарқын үлгісі.

Жаңа кабинеттің ашылуы оқушылар үшін ғана емес, ата-аналар мен ауыл тұрғындары үшін де үлкен қуанышқа айналды. Себебі бұл – ауыл мектебінің мүмкіндігі кеңейіп, болашаққа батыл қадам жасағанының айқын көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1229435?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді