
25 мамыр – Соңғы қоңырау күніне орай Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов және мәслихат депутаттары қала мектептеріне барып, ұстаздар мен түлектерді мерекемен құттықтады.
Мереке барысында жас түлектерге ақ жол тілеп, олардың болашақта ел дамуына үлес қосатын білімді де білікті азамат болып қалыптасуына сенім білдірілді. Сондай-ақ шәкірт тәрбиелеу жолындағы адал еңбегі мен кәсіби қызметі үшін бірқатар ұстаздарға “AMANAT” партиясының атынан алғыс хат табыстады.
Іс-шара барысында білім саласы қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөлі ерекше аталып, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берудегі еңбектеріне ризашылық білдірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1229527?lang=ru

Жауап қалдыру