
2026 жылғы 25 мамыр күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Воронеж ауылдық округінің әкімі мен Воронеж жалпы білім беретін мектебінің директоры округ аумағындағы көлдерге тексеру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындар арасында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Суға түсуге тыйым салынады» деген ескерту белгілері орнатылды.
Аталған шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға және округ аумағындағы санитарлық тәртіпті сақтауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-voronezh/press/news/details/1229204?lang=ru

Жауап қалдыру