
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызметтік міндеттері аясында Қ.И. Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі педагогикалық ұжымымен онлайн форматта құқықтық сағат өткізді.
Іс-шара барысында білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, педагогикалық әдеп қағидаттарын сақтау, сондай-ақ кемсітушілік пен буллингтің алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды. Кездесу барысында қатысушыларға білім беру саласындағы заңнамалық нормалар түсіндіріліп, адам құқықтарын құрметтеу мен қолайлы білім беру ортасын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1229375?lang=ru

Жауап қалдыру