
Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – мейірім мен жанашырлықтың, ынтымақ пен татулықтың, адамгершілік пен ізгіліктің ұлық мерекесі. Бұл күндері халқымыз мұқтажға қол ұшын созып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, бауырмалдық пен бірліктің жарқын үлгісін танытады.
Түркістан – руханият пен берекенің ордасы. Осындай қасиетті мекенде татулық пен тұрақтылықтың сақталуы – баршамыз үшін үлкен мәртебе. Қаламыздың өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша азаматтарға алғысымды білдіремін.
Айт мерекесі әр шаңыраққа қуаныш, амандық және молшылық әкелсін! Ниеттеріңіз қабыл болып, жасаған игі істеріңіз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болғай. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз бекем болсын!
Құрбан айт құтты болсын!
Құрметпен, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1229138?lang=kk

Жауап қалдыру