
Қарағанды облыстық мәслихатында бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Отырыста депутаттар салық салу базасын кеңейту және Қарағанды облысында 2024-2026 жылдарға арналған «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы мәселелерін қарады.
Отырысқа Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары А.Ж.Сүлейменов, Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары А.Д.Саттыбаева, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Е.Е.Алғожин, сондай-ақ Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Г.Б.Әбішева қатысты.
Талқылау барысында депутаттар мемлекеттік органдардың салық түсімдерін ұлғайту, бюджет кірістерінің қосымша резервтерін анықтау, коммуналдық мүлікті пайдалану тиімділігін арттыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы ақпаратты тыңдады.
Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссия Мемлекеттік кірістер департаментіне, қала және аудан әкімдіктеріне, облыстық басқармаларға және басқа да уәкілетті органдарға ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді, салық түсімдерінің көздерін кеңейту бойынша қосымша шараларды қарастыруды, сондай-ақ халықтың бейресми жұмыспен қамтылу деңгейін төмендету және кәсіпкерлік қызметті заңдастыру жөніндегі іс-шараларды жалғастыруды ұсынды.
Бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығына мониторинг жүргізу, бірлескен талдау және рейдтік іс-шараларды өткізу, сондай-ақ халық пен бизнес субъектілері арасында салық заңнамасын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Депутаттар облыс бюджетінің кіріс бөлігінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti/press/news/details/1229316?lang=ru

Жауап қалдыру