
Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің шайбалы хоккейден алғашқы кубогы өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар екі күн бойы басты жүлде үшін бақ сынап, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті.
Нәтижесінде Қарағанды облысының «Қыран» командасы үздік ойын көрсетіп, турнир жеңімпазы атанды!
Сонымен қатар, команданың ойыншысы Никита Рублев турнирдің «Үздік шабуылшысы» номинациясын иеленді.
Турнирдің жабылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов қатысып, бұл жарыстың алдағы уақытта ведомствоның игі дәстүріне айналатынын атап өтті.
«Қыран» командасын жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Бұл — тек спорттағы жетістік емес, бірлік пен командалық рухтың, төзім мен табандылықтың айқын көрінісі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1229171?lang=ru

Жауап қалдыру