
2026 жылғы 26–28 мамыр аралығында Шаңхай қаласында ITB China 2026 халықаралық туристік көрмесі өтті. Аталған көрмеде Қазақстан Республикасының екі басты қаласы – Астана мен Алматы таныстырылды. Қазақстан павильоны ITB көрмесінің орталық бөлігінде орналасып, оған Қазақстанның 17 туроператоры, сондай-ақ Air Astana және Fly Arystan әуе компаниялары қатысты.
Қазақстан Республикасының Шаңхай қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен Алматы қаласының әкімдігі халықаралық және Қытай нарығында оңтүстік мегаполистің туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған «Алматының Шаңхайдағы туризм күнін» ұйымдастырды.
Іс-шара қонақтарының алдында Қазақстанның Шаңхайдағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар қатарында Шаңхайда орналасқан шетелдік бас консулдықтард мен жергілікті муниципалитет өкілдері, ҚХР туристік ұйымдары мен компаниялары болды. Н.Аққошқаров Алматының бүгінгі таңда Қазақстанның ең ірі мегаполисі ғана емес, сонымен қатар Орталық Азиядағы заманауи туристік, мәдени және іскерлік орталыққа айналғанын атап өтті. Бас консул сөзінде көркем табиғат, таулы ландшафттар, дамыған инфрақұрылым, дәстүрлі қонақжайлықтың бірегей үйлесіміне ерекше назар аударды.
Бас консул Қытай нарығымен ынтымақтастықты күшейтуін маңыздылығына тоқталды. 2023 жылғы қарашада екі ел арасында өзара визасыз режимнің енгізілуінен және 2026 жылғы наурызда Air Astana әуе компаниясының Алматы – Шаңхай тікелей рейсінің ашылуынан кейін Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік байланыстарды нығайтудың зор әлеуеті бар екеніне сенім білдіріп, қытайлық серіктестерді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге шақырды.
Алматының Шаңхайдағы туризм күні қаланың туристік мүмкіндіктерін таныстырып қана қоймай, сонымен бірге жаңа іскерлік байланыстар орнатуға, бірлескен жобаларды талқылауға және 2025 жылғы маусымда орнатылған Алматы мен Шаңхай арасындағы достық байланыстар негізінде екі елдің туроператорлары арасындағы ынтымақтастықтың келешегін ашуға арналған алаңға айналды.
Шаңхай қаласының орталығында өткен би флешмобы ITB China 2026 көрмесіндегі Қазақстан қатысуының басты ерекшелігіне айналып, халықаралық аудиторияның назарын аударуға және Қазақстанның заманауи әрі серпінді бейнесін қалыптастыруға көмектесті.
ITB China 2026 – ұлттық туроператорлар, әуе компаниялары, қонақүй желілері және туристік индустрия өкілдері бас қосатын ірі B2B туристік көрме болып табылады. Биыл Шанхайда өткен халықаралық туристік биржа жұмысына әлемнің 80 елінен туроператорлар қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-shanghai/press/news/details/1229496?lang=ru

Жауап қалдыру