
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Атырау қаласында алғаш рет отбасылық QUIZ интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын дамыту және қоғамдағы отбасының рөлін арттыру.
Аталған шараға Атырау қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі сот орындаушысы Назерке Нұрмуханова қатысып, отбасымен бірге белсенділік танытты. Мерекеге орай өткізілген «Отбасы – бақыт мекені» атты алғашқы отбасылық QUIZ интеллектуалдық сайысында Нұрмановтар отбасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Іс-шара барысында қатысушылар түрлі танымдық және логикалық сұрақтарға жауап беріп, отбасы мүшелері арасындағы ауызбіршілік пен өзара қолдаудың маңызын айқын көрсетті. Сонымен қатар, сайыс қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған мазмұнды әрі тағылымды кездесу болды.
Мұндай іс-шаралар қоғамдағы отбасы мәртебесін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және отбасылық бірлікті нығайтуға өз үлесін қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1229407?lang=ru

Жауап қалдыру