Қасиетті «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында мал сату, сою бекеттерінде және мұсылман қауымының басы қосылып үй жағдайында, мешіттерде немесе қоғамдық тамақтану орындарында «құдайы тамақ» беру ұйымдастырылатын кезеңі. Осындай іс-шаралар өткізу барысында аса қауіпті жұқпалы аурулардың, жаппай тамақтан уланудың және жедел ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев төмендегі талаптарды сақтауды ұсынады.
Мал сату, сою бекеттерінде:
– құрбандыққа шалынатын малдарды сату мен сою арнайы орындарда және әрбір жануарлардың тиісті ветеринарлық құжаттары (ветеринарлық паспорт, құлақ сырғалары) болған жағдайда ғана іске асырылуы тиіс;
– мал сою орындарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы (ауыз су, лас су жүйелерінің болуы), мал сою барысында шыққан қалдықтардың уақтылы залалсыздандырылып, шығарылуы керек;
– қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі және медициналық кітапшаларының болуы, жеке бас гигиенасын сақтауы қажет.
Үй жағдайында:
– қонақтардың қол жууына жағдайдың болуы;
– тамақтану бөлмелерінің ауасын жиі алмастыру;
– шикізат пен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алынуы;
– үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу;
– ет, құс, жұмыртқадан тез бұзылатын тағамдар, сондай-ақ паштеттер, аспаздық өнімдер, кремі бар кондитерлік өнімдер, салаттарды дайындағаннан кейін бірден қолдану, сақтау талабы бұзылғанда, келесі күні пайдаланбау;
– терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы болған жағдайда тамақ әзірлеуге қатыспау керек.
Қоғамдық тамақтану нысандары мен мешіттерде:
✓ суық, ыстық сумен жабдықтау, су тартумен қамтамасыз ету, келушілер мен персоналға арналған раковиналар, қол жуу, сүрту және (немесе) кептіру құрылғыларымен және құралдармен жарақтау;
✓ желдету, ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі;
✓ тауардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ілеспе құжаттамасының болуы;
✓ тамақтану объектісінің шаруашылық аймағында санитариялық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ету;
✓ персоналда арнайы киімнің, медициналық қарап-тексеруден, гигиеналық оқытудан өткен және жұмысқа рұқсаты бар жеке медициналық кітапшасының болуы;
✓ күн сайын жұмыс ауысымы басталар алдында персоналды медициналық қарап-тексеру.

❖ Естеріңізге сала кетейік! Жоғарыда аталған санитариялық- эпидемиологиялық талаптарды сақтамау, халық арасында тамақтан улану және аса қауіпті, жіті ішек инфекциялары ауруларының туындауына әкеп соқтыруы мүмкін!!!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1229518?lang=ru

Жауап қалдыру