Құтқарушы ең маңызды сәтте жанынан табылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін таңертең Өскемен қаласында ТЖМ құтқарушысы, кіші сержант Темірлан Құмарқанов қызметке бара жатқан жолда көпір үстінде суға секіруге оқталған қызды байқап қалған.

Ол уақыт жоғалтпай қызға жақындап, қолынан ұстап қалып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Жедел қызмет өкілдері келгенге дейін құтқарушы қыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жанында болды.

Темірлан Құмарқановтың батыл әрі жедел әрекеттерінің арқасында қыздың өмірі аман сақталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1229293?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді