
Ағымдағы жылдың 26 мамырында «Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясы» РММ-нің Ақтөбе қаласындағы бөлімі мамандарымен Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімдігінде жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және ауылдық округ әкімдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында арнайы су пайдалануға рұқсат алу тәртібі бойынша, сонымен қатар рұқсат болмаған жағдайда туындайтын жауапкершілік жайында және жалпы ҚР Су кодексінің нормаларына қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде аграрлық сала өкілдері арнайы су пайдалану рұқсатын рәсімдеу және оны Инспекциямен келісу үшін өтініш білдіруге дайын екендіктерін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/1229159?lang=ru

Жауап қалдыру