Мемлекеттік басқару академиясының филиалында ауылдық округ әкімдерімен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
✅️ Мемлекеттік басқару академиясының филиалында ауылдық округ әкімдерімен құқықтық мәдениетті арттыру, этикалық стандарттарды сақтау және мемлекеттік қызметкерлердің құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Диалог барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ мандаттық мекемелердегі адам құқықтарының бұзылуының алдын алудағы Ұлттық превентивтік механизмнің рөлі қарастырылды. Мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен айқындығы мәселелеріне қоғамның билікке деген сенімін нығайтудың маңызды шарты ретінде ерекше назар аударылды.
Сөз сөйлеу аясында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалу кепілдіктері, қызметтік әдепті сақтау қажеттілігі және қызметкерлерге негізсіз қысым көрсетуге жол бермеу мәселелері де талқыланды.
✅️ Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған тәртіптік істер тәжірибесі негізінде жекелеген лауазымды тұлғалардың қызметінде жиі кездесетін құқық бұзушылықтар туралы ақпарат жеткізілді. Атап айтқанда, жекелеген тұлғалар мен ұйымдарға артықшылық көрсету фактілері, сондай-ақ қызметтік әдеп нормалары мен қоғамдық орындардағы мінез-құлық талаптарын бұзу мәселелері сөз болды. Мұндай әрекеттер мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіріп, заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатыны атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша жергілікті жерлердегі басшылармен жүйелі құқықтық жұмыстың маңыздылығы атап өтілді. Ауылдық округ әкімдері күн сайын халықпен тікелей өзара іс-қимыл жасайды және олардың кәсіби жауапкершілік деңгейі, заңдылық пен этикалық стандарттарды сақтауы өңірлердегі қоғамдық сенім мен тұрақтылыққа тікелей әсер етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1231451?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді