Тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының алдын алу бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 22 мамырда Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Атамекен» Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының Шалқар аудандық филиалының өкілі Б.С. Анапинмен бірлесіп, Шалқар станциясының теміржол перронында орналасқан «Шафран» кафе-бары қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлердің қатысуымен семинар ұйымдастырып өткізді.Семинар барысында тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының алдын алу, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, жеке гигиена ережелері, тағам дайындау технологиясын сақтау, шикі және дайын тағамдарды бірге сақтамау, сапасыз өнімдерді пайдаланбау және дезинфекциялау құралдарын дұрыс қолдану мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушыларға қызметке рұқсат құжаттарын алу, мерзімдік медициналық тексеруден уақытылы өту және өндірістік бақылауды жүйелі жүргізу бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерінің талаптары түсіндірілді. Семинар соңында қатысушылармен пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1231415?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді