Ауылдық округтерде зерделеу жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Сарысу аудандық мәслихатының перспективалық жоспарындағы қаралған мәселелерге сәйкес аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, №12 сайлау округінің депутаты Талғат Наханов, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Бақыт Жұмағұлов және мәслихат аппаратының мамандары Қамқалы, Досбол, және Тоғызкент ауылдық округтеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді.

   Қамқалы ауылдық округінің әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, сондай-ақ ауылдық округтегі дәрігерлік амбулатория, мектептер мен жаңадан салынған ветеринариялық пункттің жағдайымен таныстырды. Округтің әкіміне құзырлы мекемелермен бірлесе Жайлаукөл ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны қажетті дәрігермен қамтамасыз етіп, жедел жәрдем автокөлігін жаңарту мүмкіндігін қарастыру, Шу өзенінің бойындағы көпірді жөндеу, ауылдық округтен өрт сөндіру бекетін ашу, Жайлаукөл орта мектебіне, ауылдық округтегі бірқатар көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауылдық округтегі дәрігерлік амбулаторияларды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ұялы байланыс қызметінің сапасы, сондай-ақ ауылдық округтің аумағында жер қойнауын зерделеп, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындардан түсетін салық түсімдерін тиімді пайдалану мәселелері жөнінде ұсыныстар айтылды.

    Тоғызкент және Досбол ауылдық округтердің әкімдері де өткен жылы атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылы жоспарланған шаралар мен таныстырды.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/1237855?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді