
Жұмыс сапары барысында Айыртау және Ұлан ауылдарында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысымен таныстым.
Айыртау ауылында 11 екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Бүгінде 6 екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Сонымен қатар Ұлан ауылында 4 екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуы тұрақты бақылауда. Жауапты мердігер ұйымдарға нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan/press/news/details/1236757?lang=ru

Жауап қалдыру