
«БІЗ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТАҢДАЙМЫЗ»
Жданов ауылдық округінде салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Біз денсаулықты таңдаймыз» атты волейбол жарысы өткізілді.
Іс-шараға ауыл тұрғындары мен жастар белсенді қатысып, өзара ұйымшылдық пен спорттық шеберліктерін көрсетті. Волейбол жарысы достық атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жарыс барысында командалар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске деген жігерлерін танытты. Спорттық шараның басты мақсаты – тұрғындарды дене шынықтырумен тұрақты айналысуға шақыру, денсаулықты нығайту және бос уақытты тиімді ұйымдастыру болды.
Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға алғыс білдіріліп, жеңімпаздар марапатталды.
Осындай спорттық жарыстар ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1236613?lang=ru

Жауап қалдыру