
Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы Ақмол, Нұресіл және Родина ауылдық округтерінің тұрғындарымен кезекті есептік кездесу өткізді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оған ауыл тұрғындары, аудан әкімдігі өкілдері және бөлім басшылары қатысты. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту, коммуналдық жүйелердің жұмысы және алдағы жоспарлар талқыланды.
Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, жолдардың сапасын жақсарту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті белгілер орнату, сондай-ақ жаңа әлеуметтік нысандар салу жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
Аудан әкімі көтерілген барлық сұрақтарға жауап беріп, өңірді дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатқанын атап өтті. Әрбір ұсыныс назарға алынып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын жеткізді.
Кездесу еркін әрі ашық жағдайда өтіп, тұрғындар өз пікірлерін білдіруге және көкейіндегі сауалдарына нақты жауап алуға мүмкіндік алды.
Халықпен кері байланыс пен бірлескен жұмыс – ауданның тұрақты дамуының басты кепілі. Алдағы уақытта да округтерді көркейту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1237861?lang=ru

Жауап қалдыру