Еліміздің әр өңірінен келген 100 оқушы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елордада еліміздің барлық өңірінен келген 10-15 жас аралығындағы 5-8 сынып оқитын 100 оқушы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына экскурсия жасады.
🌟Экскурсияға олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу үздіктері, шығармашылық байқаулардың лауреаттары, спорттық біріншіліктердің жеңімпаздары, сондай-ақ қоғамдық өмірде белсенді болған оқушылар қатысты.
🌐Экскурсия барысында оқушылар жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерімен, заманауи цифрлық шешімдермен, робототехника және бағдарламалау бағыттарымен танысты. Балаларға интерактивті көрсетілімдер мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, озық технологияларға деген қызығушылықты арттыруға ерекше назар аударылды.
✔️Оқушылар жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін жүйелердің қызметін көріп, цифрлық технологиялардың түрлі салаларда қолданылуы туралы жаңа мәліметтер алды.
🔹Іс-шара балалардың дүниетанымын кеңейтуге, цифрлық дағдыларын дамытуға және ғылым мен инновацияға қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1236591?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді