
«Бал Текстиль» ЖШС қызметкерлерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша департаменттің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы У. Рустемованың қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс барысында өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау, қауіпті жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі және қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі саласындағы құқықтары мен міндеттері талқыланды.
Қатысушыларға еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, қауіп-қатерлердің алдын алу және жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Адам өмірі мен денсаулығы – ең басты құндылық. Сондықтан әрбір жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануға жол бермеу – ортақ міндет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1236734?lang=ru

Жауап қалдыру