
Екінші лиганың VII туры аясында хромтаулық «FC Hromtau» командасы «Горняк» стадионында «Talas» клубын қабылдады. Кездесу тартысты өтіп, ойын 0:0 есебімен аяқталды.
Матч барысында қос команда да шабуылда белсенділік танытып, қауіпті сәттер ұйымдастырды. Алайда қорғаныс шебі мен қақпашылардың сенімді ойыны есептің ашылуына мүмкіндік берген жоқ.
Кездесуге келіп, командамызға қолдау білдірген жанкүйерлерге алғыс айтамыз. «FC Hromtau» алдағы ойындарда да жанкүйер сенімін ақтау жолында бар күшін салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1237426?lang=ru

Жауап қалдыру