2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық кодексі күшіне енді. Соған сәйкес камералдық бақылау тәртібі жаңартылып, оның негізгі нормалары Салық кодексінің 136 және 137-баптарында бекітілді.
Камералдық бақылау салық есептілігі мен басқа ақпарат көздеріндегі мәліметтерді салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Бақылау енді бұзушылықтарды емес, деректердегі сәйкессіздіктер мен алшақтықтарды анықтауға бағытталған.
Оның басты мақсаты – салық төлеушіге анықталған сәйкессіздіктерді өз бетінше түзетуге мүмкіндік беру.
Бақылау нәтижесі бойынша алшақтықтар туралы хабарлама жолданады. Оны орындау мерзімі – 30 жұмыс күні.
Хабарлама талаптары орындалмаған жағдайда банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылып, ЭШФ рәсімдеуге шектеу қойылуы мүмкін.
Салық төлеуші хабарламаға сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Сот шағымды қарауға қабылдаған жағдайда хабарламаны орындау мерзімі уақытша тоқтатылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1236709?lang=kk

Жауап қалдыру