
🔹Атырау облысы Әділет департаменті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан мемлекеттік қызметшілер арасындағы Атырау облыстық спартакиадасына қатысты.
✅Жарыста мемлекеттік органдардың және аудандық мекемелердің қызметкерлерінен құралған командалар бой көрсетті.
✅Облыстық Әділет департаментінің командасы волейбол, теннис және тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерінен сынға түсті.
✅Бұндай шаралар – мемлекеттік қызметшілердің бірлігі мен ынтымақтастығының символы ретінде ұжым ішіндегі байланысты нығайтып, тек кәсіби ғана емес, адами тұрғыдан да дамуға зор ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1237072?lang=ru

Жауап қалдыру