Оқу-ағарту министрі OpenAI компаниясымен білім беруде жасанды интеллектті дамыту мәселелерін талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова OpenAI компаниясының делегациясымен орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелеріне арналған жұмыс кездесуін өткізді.
🌏Келіссөздерге Education for Countries халықаралық бағытының жетекшісі Валери Фокке және білім беру жобалары мен жасанды интеллектке негізделген шешімдерді енгізуге жауапты OpenAI сарапшылары қатысты.
💡Тараптар жасанды интеллект құралдарын білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктерін, педагогтер мен оқушылардың цифрлық құзыреттерін дамыту, сондай-ақ цифрлық трансформация жағдайында мұғалімдерді жұмысқа даярлау мәселелерін талқылады.
📚Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың халықаралық тәжірибесіне, оның ішінде оқыту процесіне заманауи цифрлық технологияларды белсенді енгізіп отырған елдердің озық тәжірибелеріне ерекше назар аударылды.
🎯Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын арттыруға және білім алушылардың цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған озық шешімдерді зерделеуге әрі енгізуге мүдделі екенін атап өтті.
✔️Кездесу Оқу-ағарту министрлігінің заманауи білім беру технологияларын дамыту және білім беру жүйесін цифрлық дәуір сын-қатерлеріне даярлау жөніндегі жұмысы аясында өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1236639?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді