
ОРАЛДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ХАБТЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 28 мамыр күні Орал қаласында Еуразиялық индустриялық-логистикалық хабтың іргетасын қалау рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев және Батыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев қатысты.
Бұл жоба – өңірдің өндірістік және логистикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, халықаралық экономикалық байланысты нығайтуға бағытталған маңызды бастама. Инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және жүздеген тұрақты жұмыс орнын құру арқылы аймақ экономикасының дамуына тың серпін береді деген сенімдеміз. Батыс Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығы артып, ірі жобалардың жүзеге асуы өңірдің дамуына үлкен мүмкіндік беруде. Осындай ауқымды бастамалардың сәтті жүзеге асуына тілектеспіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1236727?lang=ru

Жауап қалдыру