Полиция “қорғау нұсқамасындағы” азаматтарды тексерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран ауданының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы Тойсұлу Мұратқызы «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық іс-шарасы аясында профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрмыстық жағдайын тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында «Қорғау нұсқамасы» мен «Ерекше талаптар белгіленген мінез-құлық» бойынша есепте тұрған 82 адамның тұрғылықты мекенжайлары араланып, отбасы мүшелерінің әлеуметтік ахуалы мен тұрмыстық жағдайы зерделенді.
Сондай-ақ тұрғындарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы дау-жанжалдарды заң аясында шешу жолдары түсіндіріліп, құқықтық кеңестер берілді. Азаматтарға құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпарат жеткізіліп, құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде профилактикалық әңгімелер өткізілді.
Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1237794?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді