Жетісу облысындағы дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатының «Water7» командасы Қытайдың Шанхай қаласында өткен «The CaoLu Cup» халықаралық робототехника турнирінде табысты өнер көрсетті. Қазақстандық оқушылар бірден екі марапатқа ие болып, еліміздің робототехника саласындағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Команда Inspire Award номинациясы бойынша 3-орын алып, Judges’ Choice Award Winner арнайы жүлдесін жеңіп алды.
«The CaoLu Cup» – FIRST Tech Challenge халықаралық бағдарламасы аясында өтетін беделді робототехника турнирі. Жарыс барысында қатысушылар роботтарды өздері құрастырып, бағдарламалап, түрлі инженерлік тапсырмаларды орындады. Турнирге Азияның және әлемнің бірнеше елінен келген үздік командалар қатысты.
Жауап қалдыру