Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме әңгіме

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 9 маусымда Дружба ауылдық округі әкімінің аппараты учаскелік полиция инспекторымен және Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың алдын алу және құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында тұрғындарға қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішуге қатысты қолданыстағы заңнама талаптары мен көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, алкогольдің адам денсаулығына, отбасы берекесіне және қоғамдық тәртіпке тигізетін кері әсеріне ерекше назар аударылды. Әңгімелесу барысында азаматтар салауатты өмір салтын ұстануға және өскелең ұрпаққа үлгі болуға шақырылды. Сондай-ақ тұрғындарға бос уақытты тиімді ұйымдастыру және отбасылық құндылықтарды нығайту жөнінде ұсыныстар берілді. Іс-шара соңында тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау және айналасындағыларға құрметпен қарау қажеттілігі еске салынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-druzhba/press/news/details/1237375?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді