Қызылордалық полицейлер есірткілік масаң күйде көлік басқару дерегінің жолын кесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізушінің жолын кесті. 2025 жылғы 8 маусым күні Қызылорда қаласындағы Яссауи көшесінің бойында «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлік тоқтатылып, жүргізуші медициналық куәландырудан өткізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны расталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама ресімделді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бағытындағы жұмыстарды күшейтіп, есірткіні жеткізу арналарының жолын кесу, ірі көлемдегі партияларды анықтау және ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерін әшкерелеу бағытында кешенді іс-шараларды жалғастыруда. ⚖️ Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады. Есірткілік немесе алкогольдік масаң күйде көлік басқару жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіріп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1237039?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді