Салыстырмалы бақылау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Салыстырмалы бақылау – салық төлеуші жазып берген электрондық шот-фактураларды:
– оның өнім берушілері жазып берген электрондық шот-фактуралардың;
– салықтық есептіліктің;
– салық төлеушінің қызметі жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, оның ішінде салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтердің;
– банктік шоттар бойынша екінші деңгейдегі банктер мәліметтерінің деректерімен салыстыру арқылы салық органы жүзеге асыратын іс-шара.
– Салыстырмалы бақылауды салық органы тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі айналымның іс жүзінде жасалғанын анықтау мақсатында жүргізеді.
Салыстырмалы бақылау талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жазып берілген электрондық шот-фактуралар бойынша жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1236652?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді