
Самар ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті отыз екінші сессиясы 2026 жылғы 19 маусымда сағат 11:00-де, Самар ауданы әкімдігі ғимаратында (Самар ауылы, Горохов көшесі, № 58) өтеді.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 10:30-дан басталады.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
- 2026 жылға арналған Самар ауылдық округі аумағындағы абаттандыру, көгалдандыру және автомобиль жолдарын жөндеу іс-шараларының жүзеге асырылу барысы туралы. – Самар ауылдық округінің әкімі М.Е. Дюсупов.
- Аудандық маңызы бар жолдардың жағдайы және оларды уақтылы жөндеу мен күтіп ұстау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы. – Самар ауданының сәулет, құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Т.Ш. Екибасов.
- Миролюбовка ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі. – Миролюбовка ауылдық округінің әкімі К. Ж. Меткенов.
- Әртүрлі мәселелер.
Тұрақты комиссиялардың отырысы 2026 жылғы 19 маусымда сағат 9:00–де Самар ауданы әкімдігі ғимаратында (Самар ауылы, Горохов көшесі, № 58) өтеді
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-samar/press/news/details/1237283?lang=ru

Жауап қалдыру