
Іс-шараның негізгі мақсаты – жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын қоғамдық көліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауын, қажетті құжаттарының болуын, көлік құралдарының техникалық жай-күйін және жолаушыларды тасымалдау талаптарының орындалуын тексеруде.
Сонымен қатар, автобустардың белгіленген бағыт бойынша жүруі, жылдамдық режимін сақтауы бақылауға алынып, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылдануда.
Жолаушылардың қауіпсіздігі – басты назарда. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – жолдағы қауіпсіздіктің кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1236693?lang=ru

Жауап қалдыру