
Мемлекеттік қызметші күніне орай әр жылы түрлі спорттық шаралар өткізу дәстүр болып қалыптасты. 2-6 маусым аралығында облыс бойынша «23 маусым- мемлекеттік қызметші күніне» орай, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өтті.Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау. Айта кету керек, Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының қызметкерлері бұндай шараларға белсенді қатысып келеді.Биыл да басқарманың өкілдері Галимов Махсут Мадиевич жалпы командалық шахмат ойынынан 1 орын және Курмангалиев Руслан Нурлыгайнович, Хайроллақызы Айнаш командалық үстел теннисіне қатысып 3 орын иеленді. Әріптестерімізді құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1237330?lang=ru

Жауап қалдыру