
Аудандағы 10 ішкі каналды «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасы шеңберінде каналдарды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталды.
Жобалардың жалпы ұзындығы 59,4 км құрайды. Оның ішінде 29,3 км темірбетон науалармен (ЛР-10, ЛР-8), ал 30,1 км Г-блоктармен қаптау көзделген. Барлығы 109 бірлік гидротехникалық құрылыс нысандарын салу жоспарланған.
Қазіргі уақытта мердігерлер тарапынан арнайы құрылыс техникалар, инженерлік-техникалық қызметкерлер және жұмыс күші жұмылдырылған.
«Ынталы» су жүйесі бойынша – 1 кезекте Тасарық пен Сарыөзек каналы, 2 кезекте Байшахан, Өтес, Кедей каналдары, 3 кезекте Жаңа және Ескі Кәрітоған каналдары.
«Бүркітті» су жүйесі бойынша – 1 кезекте Төменгі Бүркітті каналы, 2 кезекте Киров және Қызыл-Ту каналдары.
Бүгінгі күні жұмыстар «Тасарық» және «Төменгі Бүркітті» каналдарында басталған. Каналдар бойындағы қамыс пен бұталарды кесу және механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, канал жолдарының (трасса канала) горизантальді теңдіктері шығарылып, канал бойында бермаларды қалыптастыру жұмыстары жүргізілген. Г-тәріздес блоктар мен ЛР-10 науалары жеткізіліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған.
Әр әкімшілік аумақ бойынша шаруашылықтармен кездесулер өткізіліп, қай канал уақытша жабылатыны, қай каналмен қанша рет су берілетіні бойынша жиын өткізіліп, түсіндірілді. Құрылыс жұмыстары ауыл тұрғындарымен келісімделіп атқарылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/1236809?lang=kk

Жауап қалдыру