
Арыс қаласы, Сырдария тұрғын ауданында орналасқан С. Адамбеков мектебін 2006 жылы бітіріп, биыл бітіргендеріне 20 жыл толуына орай өздерінің туған жері – Сырдария тұрғын ауданына тағылымы терең тарту жасады. Олар елге деген құрмет пен туған өлкені көркейтуге деген шынайы ниеттің белгісі ретінде аудан кіреберісінен еңселі арка-қақпа орнатып берді.
Салтанатты іс-шараға қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, ауыл ақсақалдары, жастар және жергілікті тұрғындар қатысты.
«Туған жерге туыңды тік» деген қағиданы берік ұстанған түлектердің бұл қадамы көпшілік тарапынан жоғары бағаланды.
Жиын барысында қала әкімдігі өкілдері мұндай бастамалардың өңірдің әлеуметтік-рухани дамуына серпін беретінін атап өтіп, түлектерге алғыстарын білдірді. Олар ел ішіндегі бірлік пен ынтымақтың нығаюы – тұрақты дамудың басты кепілі екенін жеткізді.
Ауыл ақсақалдары да жастардың бұл игі ісіне ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Ақсақалдар ұрпақтар сабақтастығының үзілмеуі – ел болашағының берік негізі екенін айтып, осындай өнегелі істердің жалғасын табуына тілектестік танытты.



Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1237144?lang=kk

Жауап қалдыру