
Қалалық мәслихат депутаты Д.П. Черкашин қала тұрғындарының, сондай-ақ үшінші округ тұрғындарының өтініштері негізінде М. Жүсіп көшесіндегі 33, 35 және 40Б үйлерінің ауласында әр үйдің жанына бір-бірден жаңа орындық орнатты.Енді тұрғындардың таза ауада демалып, уақыт өткізуіне қолайлы абаттандырылған орын пайда болды.Заңнамаға сәйкес, үй маңындағы аумақты абаттандыру — тұрғындар мен олардың басқарушы органдарының (МЖӘ/ПИК) тікелей міндеті болып табылады. Дегенмен, тұрғындар көтерген мәселенің маңыздылығын ескерген Денис Петрович өтініштерге құлақ асып, бұл сұрақты жедел түрде шешуге атсалысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1237025?lang=ru

Жауап қалдыру