ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ: МОНТАЙТАС АУЫЛЫНДА ТҮЛЕКТЕР ДЕМЕУШІЛІГІМЕН АРКА ОРНАТЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылында Б.Онтаев атындағы мектептің 20 жылдық түлектерінің демеушілігімен ауылдың кіреберіс көшесіне еңселі арка орнатылып, ел игілігіне берілді.
Туған ауылдың көркеюіне үлес қосуды мақсат еткен түлектердің бұл бастамасы – туған жерге деген жанашырлық пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Ауылдың кіреберіс келбетін айшықтай түскен жаңа сәулеттік нысан елді мекеннің ажарын арттырып, тұрғындар үшін маңызды нысандардың біріне айналмақ.
Ауылдың абаттануына қолдау білдіріп, қоғамдық ортаға жанашырлық танытқан азаматтардың еңбегі көпшілік тарапынан жоғары бағалануда.
Туған өлкенің өркендеуіне үлес қосу – ортақ жауапкершілік. Осы ретте, ауылдың дамуына қолдау көрсеткен азаматтарға ризашылық білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1237128?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді