“Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі” идеологиялық бағдарламасы Есіл және Жарқайың аудандарында басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі” идеологиялық тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыстық полиция департаментінің ақпараттық-насихаттау тобы өз жұмысын Есіл және Жарқайың аудандарынан бастады.

Іс-шараның негізгі мақсаты халықтың құқықтық мәдениетін нығайту, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ заңға және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру болды.

Бағдарлама барысында полицияның қоғамдық көмекшілері мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан ішкі істер органдарының ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Аудан тұрғындары үшін тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды, оның аясында аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері бөлімшелердің арнайы техникасы мен қару-жарағын көрсетті. Ішкі істер органдарының мұрағаттық және заманауи журналдары, газеттері мен ақпараттық материалдары ұсынылған ведомстволық баспа өнімдерінің көрмесі келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды.

Іс-шараға кадет сыныптарының оқушылары белсенді қатысты. Барлық қатысушыларға интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, нашақорлықтың алдын алу, мотоциклдер мен мопедтерді қауіпсіз пайдалану, жол қозғалысы ережелерін сақтау, сондай-ақ қоғамдық және жеке қауіпсіздік шаралары мәселелері бойынша профилактикалық брошюралар мен жадынамалар таратылды.

Бағдарлама патриоттық бағыттағы мерекелік концертпен аяқталды. Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан ішкі істер органдарының қызметкерлерін еске алуға арналған “Встанем” әнінің орындалуы көрермендерге ерекше эмоционалды әсер етті. Әсерлі қойылым қатысушылардың ешқайсысын бей-жай қалдырмады және құқықтық тәртіпті қорғаушылардың ерлігін құрметтеудің символына айналды.

Сондай-ақ, концерттік бағдарламада бірлікке патриотизмге, азаматтық жауапкершілікке негізделген халық шығармалары мен заманауи эстрадалық әндер шырқалды.

Мұндай іс-шараларды өткізу полиция мен қоғамның өзара іс-қимылын нығайтуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жастардың өз елінің қауіпсіздігі мен әл-ауқаты үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1236741?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді