
Қоршаған ортаның тазалығы мен экологиялық тұрақтылықты сақтау-бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Осы орайда, Маңғыстау облысы Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылында аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Нақтырақ айтқанда, ауыл маңында орналасқан қоқыс полигонын сүріп-тегістеу және қатты тұрмыстық қалдықтардан толық тазарту жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Бұл бастама елді мекеннің экологиялық ахуалын оңалтуға, қоршаған ортаға келетін залалды азайтуға және жергілікті тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қолайлы орта қалыптастыруға тікелей бағытталған.
Ауқымды тазалық шараларын сапалы әрі нәтижелі жүргізу мақсатында аудандағы іргелі кәсіпорындардың бірі-«Oil Services Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үлкен қолдау көрсетіп отыр. Компания тарапынан жұмыстардың үздіксіз және тиімді атқарылуы үшін арнайы техникалар бөлініп, жұмылдырылды. Мұндай бірлескен әрекеттер полигон аумағын ретке келтіріп қана қоймай, санитарлық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1237095?lang=ru

Жауап қалдыру