2026 жылғы 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Nova Цинк» ЖШС-нің демеушілігімен және «Шұғыла» мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кентіміздің бүлдіршіндеріне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мереке барысында балалар үшін қызықты ойындар, көңілді эстафеталар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылып, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Бүлдіршіндер түрлі сайыстарға белсене қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен уақыт өткізді. Іс-шараға қатысқан барлық балаларға балмұздақ таратылып, мерекелік сыйлықтар ұсынылды. Сонымен қатар, ойындар мен жарыстарға белсенді қатысқан бүлдіршіндер грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Балалардың күлкісі мен қуанышты жүздері мерекенің сәнін келтіріп, барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Осындай игі бастаманы қолдап, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған «Nova Цинк» кәсіпорны басшылығына және іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан «Шұғыла» мәдениет үйінің қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1238167?lang=kk

Жауап қалдыру