2026 жылғы 05 маусымда Ұлытау облысының Әділет департаменті Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, нотариустар мен медиаторлардың қатысуымен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара барысында қатысушыларға қаржылық мониторинг саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары, күмәнді операцияларды анықтау және олар туралы мәліметтерді жолдау тәртібі, сондай-ақ кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтамағаны үшін көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді.

Нотариустардың қаржылық мониторинг субъектілері ретіндегі рөліне, клиенттерді тиісінше тексеру, тәуекелдерді анықтау және заңсыз қаржылық схемаларға тартылудың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, тәжірибелік қызмет барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылады және уәкілетті органдар өкілдерінен қажетті түсіндірмелер алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1235632?lang=ru

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді