2026 жылғы 9 маусымда Шемонаиха аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 9 маусымда Шемонаиха аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Қоғамдық кеңестің жоспарлы жұмысы аясында келесі мәселелер бойынша ақпараттар тыңдалды:

Шемонаиха ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, көму және оларды қайта өңдеуді ұйымдастыру жүйесі туралы;

аудан елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру жұмыстарының жүргізілу барысы туралы.

Абаттандыру мәселелері бойынша Шемонаиха қаласының әкімі М.Е. Желдыбаев, Первомайский кентінің әкімі Ж.С.Тастенова және Вавилон ауылдық округінің әкімі А.К. Ожекенова баяндама жасады.

Сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобалары қаралды.

Қаралған мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері тиісті ұсынымдар әзірлеп, қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shemonaihamaslikhat/press/news/details/1238244?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді