
🎊1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесі елімізде жыл сайын атап өтілуде. Мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігінің маңыздылығы, қоғамда балалық шаққа қамқорлық жасау мемлекеттік саясаттың басым бағыты екені туралы түсінікті нығайту.
🎈Аталған мереке аясында 2026 жылғы 20-25 мамыр мен 5 маусым аралығында еліміздің әр өңірінде сонымен қатар Абай облысының медициналық мекемелерінде «Балалар әлемі» тақырыбында балаларға көңіл-күй сыйлайтын кездесулер, тақырыптық іс-шаралар мен ашық есік күндері өткізілді.
🧸Департамент қызметкерлері Абай облысы ДСБ «Семей қаласының №2 емханасы» ШЖҚ КМК-да ұйымдастырылған «Салауатты балалық шақ» мерекелік іс-шарасына қатысты.
🎀Мереке аясында мекемеде «Дұрыс тамақтану», «Стоматологиялық денсаулық», «Психикалық денсаулық», «Отбасылық репродуктивті денсаулық» күндері, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Балалар шығармашылығы» бағдарламасы мен «Мен сурет саламын: жаз келе жатыр!» атты шығармашылық байқауы және басқа да мәдени шаралар ұйымдастырылды.
#бақытты_балалық_үшін
https://www.instagram.com/reel/DZMwVOIgVUZ/?igsh=bWc5b3UwZmYzanVi

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-abay/press/news/details/1235648?lang=ru

Жауап қалдыру