Абай облысы: тұрғындарға «Заң және Тәртіп» жобасы аясында құқықтық көмек көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған «Заң керуені» акциясын өткізді.

Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың мамандары азаматтарға жеке қабылдау өткізіп, қолданыстағы заңнама талаптары, азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі және бұзылған құқықтарды қорғау тетіктері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға алаяқтықтың кең таралған тәсілдері, жеке деректерді қорғау жолдары, сондай-ақ қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-afm/press/news/details/1238980?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді