Абай облысында футбол матчы кезінде 300-ге жуық тәртіп сақшысы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында «Елім-ай» және «Жеңіс» футбол клубтары арасындағы матч барысында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ауқымды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.

✅Іс-шара өтетін күні құқық қорғау органдары күшейтілген режимде қызмет атқарып, өңірлік деңгейде 295 тәртіп сақшысы жұмылдырылды. Полицейлер стадион аумағында, кіреберіс және шығу нүктелерінде, сондай-ақ көрермендер көп шоғырланатын аймақтарда кезекшілік ұйымдастырып, қауіпсіздікті үздіксіз бақылауда ұстады.

👮‍♂️Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары матч басталмай тұрып алдын ала жоспарланып, жанкүйерлердің қауіпсіз кіруі мен шығуын реттеу, ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету міндеттері басым бағыт ретінде айқындалды. Сонымен қатар, жол қозғалысын ұйымдастыруға да ерекше назар аударылып, стадион маңындағы көлік ағынының реттелуі қамтамасыз етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1236372?lang=ru