Абай облысының полицейлері күштік құрылымдар арасындағы бокстан Қазақстанның алғашқы чемпионатында өңір намысын қорғайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағандыда алғаш рет күштік және арнайы органдар қызметкерлері арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Турнирге еліміздің барлық өңірлерінен құқық қорғау құрылымдарының өкілдері қатысуда.

🚔 Абай облысы Полиция департаментінен жарысқа полиция қызметкерлері мен спортшылардан құралған команда аттанды. Команда құрамында спорт шеберлігіне кандидаттар, жаттықтырушылар және төреші бар.

Команданы жарысқа шығарып салу алдында Абай облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Эльдар Нұрланұлы Данияров спортшылармен жеке кездесіп, сәтті өнер көрсетіп, жеңіспен оралуларына тілек білдірді.

Өңірдің бас полицейі спорт, тәртіп пен рух күші ішкі істер органдарындағы қызметтің маңызды бөлігі екенін атап өтті.

— Сіздер Абай облысының намысын абыроймен қорғап, рингте де, оның сыртында да нағыз полицейге тән мінез көрсетеді деп сенемін, — деді департамент бастығы.
🥇

 Абай облысы командасының құрамында:
— Әділет Арманұлы Арман — команда өкілі, жаттықтырушы;
— Азамат Рахымбекұлы Жамагатов — төреші;
— Нұрболат Ардақұлы Манненов;
— Дидар Айдынұлы Қадырбеков;
— Айдар Ардақұлы Сайлаубеков;
— Рауан Жеңісұлы Екешов;
— Қанагат Төлебекұлы Маралов;
— Саят Талғатұлы Тұрысбеков;
— Нұрым Советұлы;
— Дарын Дарханұлы Берікжанов бар.

🇰🇿 Барлық спортшылар спорт шеберлігіне кандидат болып табылады және әртүрлі салмақ дәрежелерінде сынға түседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1236393?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді