Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Шілде 1, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Абай облысының тұрғындары ең жиі қандай қызметтерді алады: ХҚКО-ларда үздік үштік аталды

Жарияланды:

01/07/2026 01:05

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Абай облысы бойынша филиалында 2026 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілген ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер анықталды. Өтініштерді талдау нәтижесінде өңір тұрғындарының көбіне құжат рәсімдеу, көлік құралдарын тіркеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды рәсімдеу қызметтеріне жүгінетіні белгілі болды.

 

Өтініштер саны бойынша бірінші орынды Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктері мен паспорттарын беру қызметі иеленді. Абай облысының ХҚКО-ларында белгіленген жасқа толуына, дербес деректерінің өзгеруіне, құжаттарының жоғалуына немесе қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты құжаттарды рәсімдеу және ауыстыру бойынша шамамен 29 мың қызмет көрсетілді.

 

Екінші орында көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қызметі тұр. Бұл бағыт бойынша өңір тұрғындарына көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуге қатысты 20 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

 

Үшінші орынды жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу қызметі иеленді. Бұл бағыт бойынша 16 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Азаматтар сатып алу-сату, сыйға тарту, мұрагерлік және жылжымайтын мүлікке қатысты өзге де мәмілелер кезінде меншік құқығын тіркеу үшін жүгінеді.

 

«Бұл қызметтерге деген жоғары сұраныс өңір тұрғындарының күнделікті мәселелерін шешу үшін мемлекеттік сервистерді белсенді пайдаланатынын көрсетеді. Біздің міндетіміз – өңірдің әрбір тұрғынына сапалы әрі уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Мұрат Үмірзахов.

 

Өткен жылмен салыстырғанда ең сұранысқа ие қызметтердің құрылымы айтарлықтай өзгерген жоқ. Облыс тұрғындары бұрынғыдай құжат рәсімдеу, көлік құралдарын және жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметтеріне жиі жүгінеді. Бұл аталған мемлекеттік қызметтерге деген тұрақты сұранысты көрсетеді.

 

Бүгінде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электрондық форматта қолжетімді болғанымен, ХҚКО-лар мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің маңызды буыны болып қала береді. Олар азаматтарға қажетті қызметтерді, кеңес беруді және қолайлы форматта сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-besqaraqai-baskol/press/news/details/1236168?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Маңғыстауда «Парыз» және «Еңбек жолы» конкурстарына өтінім қабылдау жалғасуда
Next: ШҚО ЕСКЕКШІСІ БАЙДАРКА МЕН КАНОЭДЕ ЕСУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛТЫН МЕДАЛІН ИЕЛЕНДІ→


200News

ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Go to mobile version