
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде 2026 жылы 5- маусымда Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекттік тілді дамыту бөлімімен қызметкерлерді кәсіби даярлық оқыту негізінде қолданыстағы заңнама талаптарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша сабақ өткізілді.
Сабақ барысында кодекске енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты талқыланып, оларды қызметтік қызмет барысында қолдану тәртібі қайта пысықталды.
Сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қабылдау, кері қайтару, қарау, мерзімдерді есептеу тәртібі,әкімшілік актілерді қабылдау кезіндегі актінің мазмұнына қойылатын талаптар бойынша түсіндірмелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1236568?lang=ru

Жауап қалдыру