
Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың қатысуымен Ақшоқы және Талды, Нұраталды ауылдық округтерінде әкімдердің есеп беру кездесулері өтті.
Кездесу барысында ауыл әкімдері тұрғындар алдында ағымдағы жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алдағы жоспарларымен бөлісті.
Жиын сұрақ-жауап форматында ұйымдастырылып, тұрғындар өзекті мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, ауыл ішіндегі жолдардың жай-күйі, көше жарығы секілді маңызды тақырыптар қозғалды.
Аудан әкімі көтерілген барлық мәселелер жеке бақылауында болатынын, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілгенін атап өтті.
Кездесу соңында аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке қабылдап, жеке мәселелерін тыңдады.
Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында аудан басшысы М.Мұхтаров Талды ауылында жаңа дәмхананың ресми ашылу салтанатына қатысты. Әкім ауыл кәсіпкерлігін дамытудың маңыздылығын атап өтіп, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1236221?lang=ru

Жауап қалдыру