Ақтөбе облысында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты мен М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 7-сыныбына қабылдау емтихандары өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қабылдау емтихандарын ұйымдастыру және өткізу мақсатында өңірге «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы директорының ұйымдастыру қызметі жөніндегі орынбасары Назира Абдрахманова және орталықтың өкілдері арнайы келді.

Қазіргі таңда Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатына түсу үшін тестілеуге 248 оқушы қатысса, ал М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатына 342 оқушы емтихан тапсырды.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау емтихандары Qabyldau Daryn платформасы арқылы өткізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1236487?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді